30.10.2026
БІЗДІҢ ЧЕМПИОНДАР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ! 🏆
Республикалық "ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР"спорт фестиваліндегі жеңіс!
Астана қаласында 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында республикалық "Тең мүмкіндіктер" атты балалардың инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Мектебіміздің 4 "А" сынып оқушылары Ақмола облысының намысын абыроймен қорғап, жүлделі І ОРЫНҒА ие болды!
Бұл жеңіс – табандылықтың, командалық рухтың, өзара қолдаудың және жетістікке деген ұмтылыстың нәтижесі!
Жас чемпиондарымызды және олардың сынып жетекшісі Сироткина Наталья Валентиновнаны тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымызға зор денсаулық, жаңа жеңістер, өз күштеріне деген сенімділік және спорт саласында жарқын жетістіктер тілейміз!
Тең мүмкіндіктер – үлкен жеңістер!
#ТеңМүмкіндіктер #БіріншіОрын #БіздіңЧемпиондар #МектепМақтанышы #ИнклюзивтіСпорт #СпортФестивалі #Астана #4Асынып


